Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Репертуарында авторлық әндер аз»: Димаш Құдайберген сын-пікірлерге жауап берді (ВИДЕО)

10:32, 02 тамыз 2026

Димаш Құдайберген Aqerke әніне түсірілген жаңа бейнебаянына қатысты ел арасындағы пікірлерге өз жауабын берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Туынды әншінің жанкүйерлері тарапынан жоғары бағаланып, кеңінен қолдау тапты. Десе де, әлеуметтік желілерде кейбір отандастарымыз: «Димаш негізінен опера мен классикалық туындыларды орындайды» және «Оның репертуарында авторлық әндер аз» деген пікірлер білдірген еді. Осыған байланысты әртіс арнайы бейнеүндеу жариялап, өз шығармашылығы төңірегінде ой бөлісті.

Күні кеше жарық көрген Aqerke әніне түсірілген соңғы бейнебаянымның астына қалдырған барлықтарыңыздың пікірлеріңізді толыққанды мұқият оқып шықтым. Қолдауларыңызға да, шын жүректен айтылып жатқан сыни пікірлеріңізге де мың мәрте рақмет!

Ол өз репертуарындағы туындылардың басым бөлігі авторлық әндер мен өзі продюсерлік еткен шығармалар екенін атап өтті. Сондай-ақ «Aqerke» халық әнін өзгерткісі келгендіктен емес, оны жаңаша өңдеп, әлемдік деңгейдегі тыңдармандарға таныстыру мақсатында шырқағанын түсіндірді.

«Бұл таспаны бірнәрсені дәлелдегім келгендіктен емес, жерлестеріме шығармашылығымды түсіндіргім келгендіктен жазып отырмын», — деді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, 30 шілдеде Жапонияның Kiryu FM радиостанциясында Димаш Құдайбергеннің өнеріне арналған Music Forever бағдарламасының арнайы шығарылымы эфирге шықты. Дәл осы бағдарлама аясында «Aqerke» халық әнінің жаңа нұсқасы тұңғыш рет радиоэфирден шырқалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар