Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жауапсыз сұрақтар өте көп…»: Руслан Өтепбай Ақтөбедегі жылқышыға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

19:32, 02 тамыз 2026

33 жыл жылқы баққан 60 жастағы Рахат Сәрсеновтің ісі бойынша журналист Руслан Өтепбай Ақтөбеге арнайы аттанды, деп хабарлайды Alash.kz.

Журналист бұл туралы желідегі парақшасында жариялады.

Саналы ғұмырын мал бағуға арнаған Рахат Сәрсеновтің ісі бойынша Ақтөбеге аттандым.

33 жыл бойы жылқы баққан 60 жастағы азамат 100 жылқы ұрлады деген айыппен 7 жылға сотталған. Алайда апелляциялық сот істі қайта қарап, оны сот залынан босатты.

Бұл істе жауапсыз сұрақ өте көп.

 100 жылқы туралы айып қалай тағылды?

 Алғашқы сот қандай дәлелдерге сүйеніп Рахат Сәрсеновті 7 жылға бас бостандығынан айырды?

 Заң талаптары толық сақталды ма?

 Апелляциялық соттың үкімі күшіне енді ме?

Оқиғаның екі тарапының да пікірін тыңдап, мән-жайды анықтауға тырысамыз.

Алла жар болсын!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар