Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Соларға қарап, мен де отбасын құрғым келді»: Алтынай Жорабаеваның қызы ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

14:10, 02 тамыз 2026

Белгілі әнші Алтынай Жорабаеваның қызы өзінің ұзату тойында берген сұхбатында жастайынан отбасын құруға не түрткі болғанын ашық айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бойжеткеннің сөзінше, ол сүйіктісімен ортақ достарының дәнекер болуымен танысқан. Олар алғашқы жүздесуден-ақ бір-біріне баурап, қарым-қатынастары біртіндеп нығая түскен. Осылайша екі жыл бойы кездесіп жүргенде, тұрмысқа шығу туралы ұсынысты алғаш болып қалыңдықтың өзі білдірген екен.

«Екеуіміздің танысқанымызға екі жыл болды. Бір күні өзім «қашан үйленеміз?» деп сұрадым. Жолдасымның екі әпкесі де тұрмыста, соларға қарап мен де отбасын құрғым келді», – деді ол.

Сонымен қатар, жас келін тосынсыйларды мүлде ұнатпайтын мінезін де жасырмай, тіпті неке сақинасын да өзі барып таңдағанын жеткізді. 

«Маған тосынсый ұнамайды. Сондықтан сақинаны да өзім таңдап алдым. Ұнамай қалса, жылап, ренжіп қалуым мүмкін. Мінезім сондай», – деп ағынан жарылды бойжеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар