Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Белгілі актер, кино жұлдызы 80 жасында дүние салды (ФОТО)

19:17, 02 тамыз 2026

Әлемге танымал «Сопрано кланы» сериалының жұлдызы Винсент Пасторе 80 жасында дүние салды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы хабарды актердің менеджері Роберт Аттерманн NBC News арнасына растады. Мәлімдемеге сәйкес, өнер иесі өз үйінде көз жұмған, ал оның денесін сенбі, 1 тамыз күні достары тауып алған. Әзірге өлімнің нақты себептері жарияланбай отыр.

Менеджер өз сөзінде: «Бүкіл әлем үшін ол «Үлкен Пусси» ретінде мәңгілікке есте қалады, бірақ оны жақын танитындар үшін ол бұл рөлден де артық болды», – деп атап өтті.

Винсент Пастореге әлемдік абырой мен танымалдылықты 1999 жылы экранға шыққан HBO арнасының криминалды драмасы алып келді. Ол аталған культтік сериалда Сальваторе Бонпенсьероның бейнесін сомдап, көрермен есінде ерекше рөлімен қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар