Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Абай жолы" романының арасынан тауып алған". Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің бұрын жарияланбаған хаты табылды

12:54, 01 тамыз 2026

Алматыдағы Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейіне жазушының 1958 жылы қырғыз журналисі әрі баспагер Тұрғынбек Суванбердиевке жазған бұрын жарияланбаған хаты тапсырылды.

Құнды тарихи құжат Бішкек қаласындағы іссапар барысында табылған. Хатты Тұрғынбек Суванбердиевтің қызы Чинара Суванбердиева әкесінің жеке кітапханасындағы «Абай жолы» романының арасынан тауып, кейін музей қорына табыстаған.

Хатта Мұхтар Әуезов өзінің шығармашылық жоспарлары, Фрунзе қаласы мен Ыстықкөлге сапары, сондай-ақ қырғыздың «Сейтек» эпосына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндаған.

Мамандардың айтуынша, бұл құжат жазушының шығармашылық қызметі мен қазақ-қырғыз әдеби байланыстарын зерттеуде маңызды тарихи дерек саналады. Олар хатты мұхтартану ғылымындағы құнды олжалардың бірі ретінде бағалап отыр.

 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар