Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қолданылмаған жойқын күш»: Трамп әлем күтпеген шешім қабылдады

11:19, 02 тамыз 2026

Трамп Иранмен арадағы келісім жасау үшін жойқын соққыны тоқтатқанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның сөзінше, Вашингтон «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолданылмаған» жойқын күш жұмсауға сақадай сай отырған. Алайда Иран билігі мен Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекеттер тарапынан келіссөздер аяқталғанша әскери әрекеттерді тоқтата тұру туралы өтініш түскен соң, шабуыл кейінге шегерілген.

Трамп болашақ келісімнің басты талаптары ретінде Ормуз бұғазының дереу ашылуын және Иранның ядролық бағдарламасының толық тоқтатылуын атап өтті. Сондай-ақ ол бұл ұстанымды Израиль жағы да құптайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 28 шілдеде АҚШ Ирандағы бірқатар нысандарға соққы берген еді. Осыдан кейін шетелдік басылымдар Вашингтон мен Тель-Авивтің Иранның мұнай өңдеу зауыттары мен электр станцияларына қайта шабуыл жасау жоспарын қарастырып жатқанын жазған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар