Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Несиеге берілетін көмек". Байден Украинаға қосымша әскери көмек көрсету туралы Заңға қол қойды

21:07, 24 сәуір 2024 505

Байден Украинаға қосымша әскери көмек көрсету туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

АҚШ президенті Джо Байден Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы Украинаға, Израильге және одақтастарға қосымша қаржылық көмек туралы АҚШ Конгресі мақұлдаған заң жобаларының пакетіне қол қойды.

"Мен демалыс күндері Өкілдер палатасы мен кеше Сенат мақұлдаған қаржыландыру пакетіне қол қойдым. Бұл АҚШ пен бүкіл әлемнің қауіпсіздігін күшейтеді", - деді Байден өз азаматтарына Жолдауында.

"Алдағы сағаттарда біз Украинаға қару жібере бастаймыз. Біз әуе қорғанысы мен артиллерия жүйелеріне арналған оқ - дәрілер, зымырандар, бронды машиналар туралы айтып отырмыз", - деп қосты Байден.

Оның айтуынша, бұл көмек пакеті "Украинаның қауіпсіздігіне ғана емес, Еуропа мен АҚШ-қа да инвестиция" саналады.

Украинаға көмек туралы заң Киевке шамамен 6 61 млрд бөлуді қарастырады. Құжатқа сәйкес, Киевке көмек енді өтеусіз емес, несиеге берілетін болады.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар