Әнші Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan телеарнасының «Бәрекелді!» бағдарламасына қонақ болып, өзін әнші санамайтынын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Мен – орындаушымын. Өзіме жететін қоңыр дауысым бар. Ерекшелігім – ән таңдай аламын. Тіпті Ұлықпан Есенов ағамызға айтып, өзіме сай келмеген әндерді «Тамашадан» алып тастаған кездер де болған», - дейді Ұлықпан Жолдасов.