Әлеуметтік желіде бір азамат Жамбыл облысының Жаңатас қаласында қытайлардың көбейіп кеткені туралы видео таратты, деп жазады alash.KZ.
Видео авторының айтуынша, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында қытай азаматтары көбейіп кеткен.
"Бұларды тексеру керек. Заңды жүр ма? Уақыттары өтіп кеткен жоқ па? Бүгін УБОП-тан адамдар келді. Құжаттарын тексеріпи жатыр. Дұрыс тексеру керек. Әйтпесе, бұлар біздің Жаңатаста көбейіп кетті. Құжаттары бар ма, жоқ па білмейміз. Мүмкін емес осыншама қытайдың Жаңатасты басып қалуы. Бұлар әлі көп келмекші. Жаңатастың өзінде жұмысшы жоқ па жұмыс істейтін?" дейді видео авторы.
Видеода ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының арнайы киімін киген азамат бір топ адамды қақпа арқылы қоршаудың ішіне кіргізіп жатқаны көрсетіледі. Ал видеода адамдардың өзара қытай тілінде сөйлескенін анық естуге болады.