Атырау облысында зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған орталықта балаға қатыгездік көрсетілгені бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz порталына сілтеп.
Видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда орталық қызметкері дамуында ерекшелігі бар баланы жұлқып көтеріп, ұрып жатқаны көрінеді.
Полиция видеоны зерттеп, қылмыстық іс қозғаған.
"Екінші топтағы мүгедектігі бар балаға қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 2024 жылы болған, бірақ полицияға бұл жайт туралы 25 қыркүйекте арыз түсті", - деді ведомство өкілі.
Қазір құқық қорғау органдары алдын ала тергеу жүргізіп, оқиғаға қатысы бар адамдар мен куәгерлерден жауап алып жатыр.