Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Митинг ұйымдастырушы Макс Боқай Нұрбанк басшылығына баруы мүмкін

20:41, 02 қараша 2024 517

Мұндай ұсыныс миноритарлық акционерден келіп түсті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы BES.media сайтына сілтеме жасап.

Malim.kz сайтының жазуынша, қоғам белсендісі Макс Боқай жақын арада Нұрбанктің Директорлар кеңесіне мүше болуға ұсынылады. Бұл акционерлердің жалпы жиналысында талқыланбақ.

Айта кетейік, Макс Боқай 2016 жылы жер митингілерін ұйымдастырушы ретінде танымал болған қоғам белсендісі. Митингілер Жер кодексіне енгізілген жаңа түзетулерге қарсы ұйымдастырылған еді. 

Акционерлердің жалпы жиналысы 2024 жылғы 8 қарашаға жоспарланған.

Банктің қазіргі Директорлар кеңесінің төрағасы - Раушан Ержанов. Ол 2010 жылдан бастап Банктің ДК құрамына кіреді.

Осы тұста Сарсеновтар отбасы JP Finance Group арқылы Нұрбанктің 86,4% акцияларына иелік ететінін де айта кетейік. 

Ақпаратқа қатысты Нұрбанк мәлімдеме жасап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. 

"2024 жылғы 08 Қарашада "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысы өтеді. Жиналыстың күн тәртібі Банктің ресми сайтында "Акционерлер" бөлімінде жарияланған және Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау және басқару органының мүшелерін тағайындау туралы мәселелерді қамтиды. Қазіргі уақытта "Нұрбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы - Ержанова Раушан Зейноллақызы, ал Эльдар Сәрсенов - Банктің мажоритарлы акционері. "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңға сәйкес миноритарлық акционер тәуелсіз директор – Директорлар кеңесінің мүшесі кандидатурасын ұсынуға құқылы. Директорлар кеңесінің құрамы туралы шешім акционерлердің көпшілік даусымен қабылданады", - деп мәлімдеді банк.




Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар