Ішкі істер министрлігі Kyzdar.net-ті не үшін бұғаттай алмай отыр? Бұл туралы ALASH.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, заңсыз контент тарататын сайттарды бұғаттау бойынша күн сайын шаралар қабылдап жатқанын айтады.
- Бұл бағытта ІІМ тиісті сұрау хаттарды тұрақты түрде жолдауда. Қазіргі уақытта екі министрліктің бірлескен жұмыс тобы жұмыс істейді. Оның басты міндеті – «Kyzdar.net» сайты мен оның домендерін шұғыл әрі күнделікті бұғаттап отыру. Алайда сайт әкімшілері мекенжайлар мен домендерді үнемі өзгертіп отырады, соның арқасында ресурс қайтадан қолжетімді болып шыға келеді. Осыған байланысты ІІМ жаңа сілтемелерді дер кезінде анықтап, қолжетімділігін шектеу жұмысын жалғастыруда, – делінген жауапта.