Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министр орынбасарының әйелін ұрып жіберді: Ескендір Хасанғалиев туралы ұлы тың ақпарат айтты

07:45, 17 ақпан 2025 2154

Осы жылы Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойы. Ұлы Біржан Хасанғалиев әкесі туралы жылы сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Біржан Хасанғалиев басылымға берген сұхбатында әкесінің оқудан шығарылған кезін еске алды.

«Ол өте жоғары білікті өз саласының маманы еді. Бірақ ұстаздықта ерекше әдісті қолданған екен - қол көтеретін. Үнемі солай болатын, тіпті кейде туфлиін шешіп, студенттерді өкшесінен ұрған екен», — дейді Біржан.

Соңғы курста оқып жүріп, дипломдық жұмысқа дайындық кезінде жас студент туфли өкшесімен қолынан ұрып жіберген ұстазына қарсылық танытып, оны шапалақпен тартып жіберіпті.

«Қатты емес, бірақ бұл ақылға қонымсыз әрекет болды. Виноградова Қазақ ССР мәдениет министрі орынбасары Михаил Цукановтың жұбайы еді. Әкем болса, қарапайым ауыл баласы. Консерваториядағы ұстаздар оның әрекетін құптамай, оны оқудан шығару туралы жиналыс өткізбек болған. Бірақ ректор бұл жағдайда компромисске барып, Хасанғалиевті сырттай оқу бөліміне ауыстыруды ұсынған», — деп Біржан әкесінің басынан өткен оқиғаны баяндады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар