Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«ҚТЖ – Жүк тасымалының» бұрынғы басшылары ұсталды: ҰҚК мәлімдеме жасады

«ҚТЖ – Жүк тасымалының» бұрынғы басшылары ұсталды: ҰҚК мәлімдеме жасады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Alash.kz . Ұлттық қауіпсіздік комитеті серіктестіктің бұрынғы үш жоғары лауазымды қызметкерінің ұсталғанын растады.

ҰҚК мәліметінше, 9–10 қараша күндері «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Петров, оның орынбасары Қабылов және сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры әрі атқарушы директоры қызметін атқарған Сембай ұсталған.

Оларға сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысты жасады деген күдік келтіріліп отыр. Алайда әзірге тергеу органдары күдіктілерге тағылған айыптың нақты мән-жайын, ықтимал заңбұзушылықтың сипаты мен мемлекетке немесе компанияға келтірілген залал көлемін жариялаған жоқ.

Ведомствоның хабарлауынша, 11 және 12 қарашада соттың санкциясымен аталған азаматтар екі ай мерзімге қамауға алынған.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің кінәсі сот үкімімен дәлелденбейінше, олар кінәсіз деп есептеледі.

Айта кетейік, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» – елдегі теміржол арқылы жүк тасымалдау саласында маңызды рөл атқаратын құрылымдардың бірі. Сондықтан компанияның бұрынғы басшыларына қатысты бұл іс көлік-логистика саласындағы басқару мен қаржы операцияларының ашықтығына байланысты мәселелерді қайта күн тәртібіне шығаруы мүмкін.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар