Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Метро астына түсіп қалған зағип жан туралы тың ақпарат шықты

20:05, 18 желтоқсан 2024 150

Алматы метросы Абай стансасындағы 26 жастағы көзі нашар көретін жігіт көз жұмған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Alash.kz  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Метрополитен басшылығының айтуынша, Алматы метросының әрбір станциясында жолаушылардың, оның ішінде жүріп-тұруы шектеулі адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті кезекші қызметкер бар.

"10 желтоқсанда көзі нашар көретін жолаушы мекеме қызметкерін өзін ертіп жүрген адам барып айтып, кезекшінің көмегінен бас тартқан. Кейінірек бейнежазбалардан оның платформаға түсуіне кездейсоқ жолаушылар көмектескені анықталды. Оқиғаға дейінгі бейнежазбалар марқұмның метроның тұрақты пайдаланушысы болғанын және үнемі өзін ертіп жүретін адаммен бірге келіп жүргенін көрсетті", – делінген хабарламада.

Алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін 11 желтоқсаннан бастап жүріп-тұруы шектеулі адамдарға жанында ертіп жүретін адамының бар-жоғына қарамастан, бақылап жүретін метро қызметкерінсіз метрополитенге кіруге тыйым салынды.

"Осындай оқиғалардың алдын алу үшін мекеме метро платформаларына платформалық есіктерді (screen doors) орнату мәселесін де қарастыруда. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін арттырып, оларды рельстерге құлаудан немесе рельс жолына рұқсатсыз кіруден сақтайды. Алайда бұл қосымша қомақты қаржыны талап етеді, тиісті сұраныс жіберілді", – делінген метрополитен басшылығының хабарламасында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар