Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Менің балам бекерден-бекер атпайды ғой": Берденовті атқан айыпкердің әкесі ел күтпеген мәлімдеме жасады

13:21, 20 тамыз 2025 757

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пралиев сот үкімі шыққан соң журналистерге алғаш рет ашық сұхбат берді, деп Alash.kz ұлттық порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиенбай Пралиевтің айтуынша, Берденов тарапынан кешірім күткен, алайда уәде берілгенімен, іс жүзінде орындалмаған.

"Біз күттік. Соңында адвокатыма "білші, жауап берсін" дедік. Барса әкесі соткасын ұстап отырып, "бермеймін" деп айтыпты. Содан бастап енді жауап берейік деп барғанымызда "тергеу аяқталды" деді де, тоқтатты", – дейді ол.

Одан бөлек, Ернардың әрекетіне қызғаныш себеп болғаны жөніндегі сұраққа Пралиев ашық жауап бермегенімен, "келінім адал, бірақ ол өте сұлу. Ұлым қызғанышын жеңе алмады" деп ишара жасады.

"Тиіскен, тиіскен. Мен өзімнің шекарамнан өтпейін. Бір нәрсені біліңіздер: Төлеген қайтыс болған кезде інісі барып алып келеді ғой тарихта. Сонда әкесі қыз Жібекті көріп, "еее, менің балам бекер өлмеген екен ғой" деген екен. Менің келінім өте сұлу. Сол себепті барлығы болуы мүмкін. Келінім бірақ адал. Күйеуі қызғанды. Қызғаныш бар. Өзімен өзі жұтып кетті деген сіздерге жеткілікті емес пе!?" – деді Жиенбай Пралиев.

Оның сөзінше, Берденовтің туыстарымен де мәмілеге келу әрекеттері болған, тіпті екі тарап кездескен.

"Кешірім беретін болса беруі керек қой. 15-і күні (?) "келініңіз мәлімдеме жасасын" деді. Жасалды. Бірақ кешірім берген жоқ. Анасы уайымдап, Президенттің атына арыз жазды. Олар "арызды алыңыздар, кешірім береміз" деді. Біз алдық. Одан кейін екі адвокат жолықсын деді. Жолықты. Мен де болдым ол жерде. Біз "кешірмесе кешірмеймін деп айтсыншы" дедік. Сол кезде бір сағат сөйлескен соң "кешірім беретін болдық" деді. Біз қуанып қалдық. "Неге?" деп едік, "сіз онкологиямен ауырады екенсіз, намаз оқитын әкесі ауырып, қайтыс боларда қарғаса маған ауыр болады, мен мамасы үшін кешірім беремін" деді. Біз қуандық. Жыладық.

Не үшін атты деген сұрақты адамдар қоймайды. Менің балам жынды емес. Сонда бекерден бекер атпайды ғой. Ертісбаев та "34 жылда болмаған оқиға" деп жатыр ғой. Оған бәрі мән бермейді. "Балаң атты" дейді. Ол өзінің шекарасынан бері қарай өтіп кеткен, намысына тиген. Шешенстанда болсаң біреудің әйеліне лайк бассаң, тұрған жеріңде сотсыз атып өлтірер еді. Бірақ біз кешірім сұрадық. Мен де, келін де неге мәлімдеме жасадық? Кездескенде ағайын-туысы, Сырымбек Тау бәріміз сол жерде мәмілеге келдік. "Сіздер де, біз де БАҚ-қа шықпайық, кешірім береміз" деді. Бірақ бермеді", – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар