Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембайға қатысты сот үкімі шықты

12:20, 20 тамыз 2025 276

Шымкентте орын алған Руслан Берденовке жасалған оқиға бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

20 тамызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша судья Әбінұр Қарабаев Ернар Жиембайға қатысты үкімді жариялады.

Сот Ернар Жиембайды орта қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сотталушы зардап шеккенге 30 МРП (117 960 теңге) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимараты маңында атыс болып, нәтижесінде Руслан Берденов жарақат алған болатын. Күдікті кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар