Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы берілмейді". Қаржы министрлігі не дейді?

10:16, 31 қазан 2024 423

Мемлекеттік қызметкерлер бонуссыз қалатыны жайлы ақпарат тарады. Бұған қатысты Қаржы министрлігі түсінік беріп, сыйақы төлеуге жоспарланған қаражаттың қысқармайтынын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қаржы министрлігі бұған дейін жарияланған қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер бонуссыз қалады деген ақпаратты түсіндірді. 

Қаржы министрлігі биылғы республика бюджетін негізге алып, «сыйлықтар бойынша мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша үнемдеу бағыттарына нақты шектеулер қойылды» деп мәлімдеді. 

Демек, қаражатты үнемдеу барысында нақты шектеулер қойылады. Алайда сыйақы төлеуге жоспарланған қаражат қысқармайды.

«Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйлық ақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстем ақы белгілеу, сондай-ақ еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» N1127 қаулысына сәйкес «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы беру туралы»» жинақтың белгілі бір бөлігін ғана сыйлықақыға, содан кейін тиісті жетістіктер болған жағдайда ғана пайдалануға болады», - деп толықтырды Қаржы министрлігі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?