Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекет тарапынан танымал журналист Ерқанат Көпжасарға 3 бөлмелі пәтер сыйланды

28 маусым 2024 356

Танымал журналист, тележүргізуші, қоғам белсендісі Ерқанат Көпжасарға БАҚ қызметкерлерінің мерекесіне орай пәтер сыйланды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қуанышты жаңалықты журналист өз инстаграм парақшасында бөлісті.

Бетке алып арқадағы Астананы,

Арманмен келіп едік асқаралы.

Арманымыз айналып ақиқатқа,

Мінекей боп жатырмыз баспаналы.

Желіге салсақ тағы сөгеді деп

Қазақы бір қорқыныш басталады.

Шүкір айтқым келеді Жаратқанға

Мен үшін маңызды емес, басқа жағы!,- деп өлеңдетті ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?