Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекет басшысы полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

10:06, 23 маусым 2024 556
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады:
– Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Полиция күнімен құттықтады:
 
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер. Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды. Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін. Әрдайым абырой биігінде болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін! 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар