Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектеп мұғалімі туған екі ұлын жүрек тұсынан пышақтап өлтірді

08:36, 27 қараша 2024 264

Самарқанд облысы Иштыхан ауданының тұрғынына кәмелетке толмаған балаларды қасақана өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды Alash.kz.

27 жастағы әйел психикалық ауытқушылыққа шалдыққан. Ол мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген.

Іс материалдарына сәйкес, қылмыс 8 қараша күні жасалған. Әйел екі ұлына, оның ішінде жүрек тұсына пышақ жарақатын салған. Балалар қан жоғалтудан көз жұмған.

Оған екі немесе одан да көп адамды, дәрменсіз күйде болғанын біле тұра, қасақана өлтіргені үшін айып тағылды.

Сот прокурордың өтінішін қарастырып, айыпталушыны қамауға алу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар