Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Махатма Ганди Үндістан үшін қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай тұлға" - Мәмбет Қойгелді

12:10, 07 наурыз 2024 707

«-Әлихан Бөкейхан кім? Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейхан қазақ үшін сондай тұлға. Егер Ататүрік қандай болса, Әлиханда қазақтың сондай тұлғасы. Егер Махатма Ганди Үндістан үшін қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай тұлға. Мiне, осындай дүниенi халықтың рухани өмiрiнiң құрамдас бөлiгiне айналдыруға келген кезде қазiргi ұрпақтың бұған интеллектуалдық деңгейi жетпей жатқанын мойындауымыз керек.

Алаш деген сөз - ұлт-азаттық қозғалысы және идеясы деген сөз. Яғни, бұл тар топтың әрекетi, тiршiлiгi емес, бұл - жалпыұлттық қозғалыс. Кез-келген саяси қозғалыстың алдына қоятын бiрiншi мақсаты - мемлекеттiң тәуелсiздiгi, дербестiгi. Сол мемлекеттiк тәуелсiздiк пен құрылым арқылы жердi сақтау, жер арқылы елдiң тәуелсiздiгiн, болашағын сақтау. Сондықтан, Алаш идеясы - мәңгi идея.

Қазақ халқы, қазақ ұлты тiрi болатын болса, онда Алаш идеясы да тiрi болады. Қазiргi қоғам Алаш идеясын 1917 - 1918 жылдарда қабылдағандай нелiктен сiңiре алмай отыр? Әрине, түсiнедi, құрметтейдi. Бiрақ, мұның бiр нәзiк қыры бар. Жетпiс жыл өмiр сүрген кеңестiк жүйе Алаш идеясын мүлде басқа бағытта насихаттады, басқа мағынада көрсеттi. Кеңестiк идеология «Алаш - ұлттық идея емес» деген ұстанымда болды. Яғни, Алашты ұлттық идеяға, ұлттың ұстанымына қарсы қойды.

... Әлекең «біздің, Ахаң екеуіміздің пікіріміз, мынау» дейді. «Кеңес үкіметіне қарағанда патша үкіметі жақсы екен, бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берді» дейді. Ал, кеңес үкіметі олардың басын жұтты. Алашорданың барлық өкілде­рімен бірге Әлихан Бөкейхан да Мәскеудегі Бутырка түрмесіне жа­былып, көп ұзамай, атылды. Марқұмның бүгінге дейін қайда жерленгені белгісіз. Тарихшылар патша үкіметінен бастап, кеңес билігіне дейін осы "Қыр баласынан" тірі кезінде қаншалықты қорықса, өлгеннен кейін де соншалықты үрейленген дейді. Тек тәуелсіз ел атансақ та, Алаш арысын төбемізге көтере алмағанымыз өкінішті. Алаш Орда идеясын насихаттау нашар. Кезінде кеңестік билік не істеді, көше атының бәрін большевиктерге берді. Коммунистерге ескерткіш қойды. Идеология солай жүргізілді. Ал енді қазір дербес мемлекет болған кезде, неге біз сондай әрекеттерге бармаймыз?".

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ,

тарих ғылым­дарының докторы, алаштанушы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар