Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қымыз ішкен адамды «ішімдік іштің» деп, жүргізуші куәлігінен айыру әділетті ме?» - Ринат Зайыт

12:40, 01 сәуір 2026

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайыт жол қозғалысы ережесін бұзған азаматтарға, соның ішінде ұлттық сусын ішіп, куәлігінен айырылғандарға қатысты мәселе көтерді, деп жазады Alash.kz. 

Халық қалаулысы заңнамадағы кейбір нормаларды қайта қарап, жүргізушілерге түсіністікпен қарау қажеттігін алға тартты. Оның пікірінше, қымыз бен ішімдіктің салдарын теңестіру әділетсіздікке әкеп соғуда. Депутат қымыздың ерекшелігіне тоқталып, оны ішкен адамдардың мас күйіндегі жүргізушілермен бірдей жазалануына қарсылық білдірді.

Ринат Зайыт бұл жағдайды: «Қымыз ішкені дәлелденсе де, 2-3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып жатқан адамдар бар. Қазір қымыз ішкен адамды «ішімдік іштің» деп соған жалғап жіберіп жатыр. Қоңырсық иіс (перегар) тек ішімдіктен емес, қымыздан да, тіпті энергетиктен де шығады», — деп сипаттай келе, мемлекет тарапынан мұндай жағдайларға қатысты «рақымшылық» тетіктерін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, мәжілісмен өзінің де жол ережесін бұзатын кездері болатынын ашық мойындады. Ол қымыз ішіп көлік жүргізген сәттері болғанын және көбіне жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік айыппұл арқалайтынын жасырмады. Бұл ретте депутат заң алдындағы жауапкершіліктен қашпайтынын, бірақ қымыз мәселесіндегі техникалық қателіктерді түзеу керектігін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар