Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жүзеге аспады…»: Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

10:52, 01 сәуір 2026

Танымал әнші Медеу Арынбаев «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында отбасылық өміріне қатысты көпті мазалаған сұрақтарға жауап берді, деп жазады Alash.kz. 

Өнер иесі өмірден өткен жарының қасиеттерін еске алып, қайта отбасын құру талпыныстарының немен аяқталғанын ашып айтты. Оның айтуынша, қоғамдағы түрлі сауалдарға қарамастан, бұл мәселе әнші үшін оңайға соқпаған.

Көпшіліктің «Қашан үйленесіз?» деген сұрағына әнші кейде әзілмен жауап беретінін жеткізді. Медеу Арынбаев өз сөзінде:

«Көп адам «қашан үйленесің?» деп сұрайды. Кейде әзілдеп «үйленіп қойдым, екі рет ажырасып кеттім» деп айтамын», — деп ағынан жарылды.

Дегенмен, әнші мұндай қалжыңның астарында шын мәнінде жүзеге аспай қалған ниеттері болғанын да жасырмады.

Қайта шаңырақ көтеру тақырыбына келгенде, өнер иесі бұл бағытта қадамдар жасалғанын, бірақ сәтсіз болғанын тілге тиек етті. Ол бұл жағдайды:

«Үйлену туралы айтсам... болды, бірақ жүзеге аспады», — деп қысқа ғана сипаттады.

Әншінің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, тыңдармандар тарапынан түрлі пікірлер тудырды. Оқырман қауым әншінің ашық сұхбатына түрліше баға берді. Бірқатар қолданушылар оның жеке бақыты үшін тілекші екенін білдіріп, қолдау көрсетті. Желідегілер «Бақытты болыңыз» және «Жақсы адамға жақсы жар жолықсын» деген секілді жылы лебіздерін жазып қалдыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар