Заңгер әрі қоғам белсендісі Әділетхан Молдаханның ұсталуына қатысты оның інісі Әзімхан Молдахан мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
Баршаңыздан көмек сұраймыз! Әділдік іздейміз! Менің туған ағам Заңгер әрі қоғам белсендісі Әділетхан Молдаханды бүгін қамауға алды. "Қазағым" деп, шындықты айтып, шырылдаған, шыншыл азаматтарымыздың сағын өзіміз сындырып жатырмыз. Көрсетілген дерек бойынша екі қылмыстық жауапкершілікке тартпақ болып жатыр екен. 174 бап - "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру" және 274-бап - Көрінеу жалған ақпарат тарату баптарымен тергеп жатыр. Әл-Фарабиде болған 3 адамның өліміне қатысты резонанстуған болатын. Ол жерде ағам бар шындықты айтқан еді. Ешқандай да жалған ақпарат жоқ! Қамап тастауға себеп көріп тұрған жоқпын...