Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды

Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды

Астанада қала тұрғындарына қолайлы болу мақсатында Мансап орталығы енді үш жерде ашылды, деп хабарлайды Alash.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеп.

Мансап орталығы мына орындарда жұмыс істейді:
• Есіл – Нұра аудандарының Мансап орталығы (Достық даңғылы, 13);
• Сарыарқа – Байқоңыр аудандарының Мансап орталығы (Бейбітшілік көшесі, 9);
• Алматы – Сарайшық аудандарының Мансап орталығы (А. Байтұрсынұлы к., 29/2).

Үш ай ішінде Мансап орталығының жұмыспен қамту шараларымен 5 160 адам қамтылды, оның ішінде 2560-ы – жастар.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерге «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша айлығы 130 мың теңге болатын жұмыс ұсынылады. Қазіргі уақытта 400-ден астам жұмыс беруші Жастар практикасы бойынша 1500 бос жұмыс орнын ұсынып отыр.

50 жастан асқан азаматтарға «Күміс жас» бағдарламасына қатысу ұсынылады. Бұл бағдарлама аясында 3 жылға дейін жұмысқа орналастырып, мемлекет тарапынан жалақының 70%-ына дейін субсидия беріледі.

Кадрларға қажеттілігі бар жұмыс берушілер қысқа мерзімді курстар арқылы мамандар даярлауға өтінім бере алады.

Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1 900 ұйымнан 5 000-нан астам бос жұмыс орны орналастырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар