Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ирандағы соғыс 2-3 аптада аяқталады»: Трамп әлем күтпеген жоспарын бөлісті

09:27, 01 сәуір 2026

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран аумағындағы қақтығыс алдағы екі-үш аптаның ішінде мәресіне жететінін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz. 

Ақ үй басшысының айтуынша, Вашингтон бұл соғысты ұзаққа созуды жоспарламаған және әу баста әскери стратегия төрт-алты апталық мерзімге ғана есептелген. Қазіргі таңда қақтығыстың басталғанына бір ай толып отыр, ал американдық тарап негізгі мақсаттардың орындалғанын алға тартуда.

Трамп Иранның қазіргі саяси басшылығына қатысты пікір білдіріп, олардың ұстанымы бұрынғы лидерлермен салыстырғанда әлдеқайда жұмсақ екенін атап өтті. Ол Құрама Штаттардың басты міндеті орындалғанына сенімді. Дональд

Трамп бұл туралы: «Қазір біз жұмысты аяқтап жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз — Иранның ядролық қаруға қол жеткізу мүмкіндігін шектеу болатын және ол нәтижеге қол жеткізілді», — деп мәлімдеді.

Президенттің пайымдауынша, соғыс тіпті бұрын жоспарланған барлық келісімдерге ресми түрде қол қойылмаса да тоқтатылуы мүмкін.

Алайда бұл оптимистік мәлімдемелер аймақтағы шиеленісті толық сейілте алған жоқ. Соңғы уақытта АҚШ қарулы күштерінің Иранға басып кіруі немесе жерүсті операциясын бастауы мүмкін деген ақпараттар тарауда. Мұндай хабарлар жергілікті билік өкілдерінің наразылығын тудырып, оларды қорғанысқа дайындалуға мәжбүр етті. Иран шенеуніктері кез келген сыртқы агрессияға қатаң тойтарыс беруге әзір екендіктерін ашық жариялап жатыр.

Жалпы алғанда, Вашингтон тарапы «ядролық қауіпті ауыздықтау» миссиясының аяқталғанын хабарлағанымен, соғыстың нақты қалай және қандай шарттармен тоқтайтыны әлі де белгісіз күйде қалып отыр. Тараптардың өзара сенімсіздігі мен жерүсті операциялары туралы қауесеттер жағдайды күрделендіре түсуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар