Шымкент қаласының полиция департаменті Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдіктінің психикалық денсаулық орталығына орналастырылғанын ресми түрде мәлімдеді, дер жазады Alash.kz.
Екі мәрте жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың нәтижесінде айыпталушының бойынан психикалық ауытқулар анықталған. Осыған байланысты құзырлы органдар оны мамандандырылған мекемеде мәжбүрлі түрде емдеу туралы шешім қабылдады.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары бірнеше бап бойынша жүріп жатыр. Атап айтқанда, оған адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг (артынан аңду) деректері бойынша айып тағылған. Емдеу курсы аяқталғаннан кейін күдікті тергеу процесін жалғастыру мақсатында қайтадан тергеу изоляторына (СИЗО) ауыстырылады.
Полиция таратқан ресми хабарламада: «Екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді», — деп көрсетілген.