Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

15 жасар қазақ баласы «Барселона» клубына ресми түрде ауысты

21:14, 01 сәуір 2026

Испанияның «Сан-Кугат» командасында өнер көрсетіп жүрген 15 жастағы қазақстандық шабуылшы Кәрім Меңдіқанов әлемге әйгілі «Барселона» клубының жүйесіне ресми түрде ауысты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жас таланттың ойынына тәнті болған каталониялық клубтың скауттары оны өз қатарларына қосу туралы шешім қабылдаған. Бұл ақпаратты футболшының анасы Альбина Меңдіқанова растап, келісімшарттың заңды түрде жасалғанын мәлімдеді.

Кәрім Меңдіқановтың еуропалық футболдағы жолы испаниялық «Серданьола» клубынан басталған болатын. Кейіннен ол «Сан-Кугат» сапында нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, кәсіби мамандардың назарына ілікті. Осы маусымдағы сәтті өнері оған әлемдік деңгейдегі клубтың есігін ашуға мүмкіндік берді.

Футболшының ресми өкілдері бұл ауысымның келесі маусымнан бастап күшіне енетінін атап өтті. Жаңалықтың 1 сәуір күні жариялануына байланысты туындаған күмәндерге орай, Меңдіқанова ханым бұл мәліметтің шындыққа жанасатынын және барлық құжаттарға қол қойылғанын нақтылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар