Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Kazakhmys Barlau қормен қамтамасыз ету мерзімін 11 жылға дейін ұлғайтуды жоспарлауда

11:52, 01 сәуір 2026

«Kazakhmys Barlau» ЖШС «Қазақмыс» корпорациясының минералдық-шикізаттық базасын толықтыру бағытындағы жұмыстарын қарқынды түрде жалғастырып келеді. Компания заманауи технологиялар мен ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, геологиялық барлау саласында тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде.

2018 жылы құрылған сәттен бастап кәсіпорын мемлекеттік балансқа 7 кен орны бойынша 488,9 мың тоннадан астам мыс, 108,9 мың тонна күміс және 7,9 мың тонна алтын қорын енгізді. Алдағы жылдары ресурстар мен қорларды қайта есептеу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде 2026–2028 жылдары қормен қамтамасыз ету мерзімін 11 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда компанияда 500-ден астам қызметкер еңбек етеді. Оның тек 12%-ы әкімшілік-басқару құрамына тиесілі болса, негізгі бөлігі геологтар мен өндірістік мамандардан құралған. Бүгінде 14 бұрғылау қондырғысы жұмыс істеп тұр және геологиялық барлау жұмыстары жыл бойы үздіксіз жүргізіледі.

«Kazakhmys Barlau» халықаралық серіктестікті де белсенді дамытып келеді. Компания Colorado School of Mines, Rio Tinto, Ivanhoe Mines және Pallas Resources сынды ұйымдармен ынтымақтастық орнатқан.

Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждермен байланыс нығайтылып, студенттерді тәжірибеден өткізу және жұмысқа орналастыру арқылы кадр даярлау жүйесі дамып келеді.

Компания үшін маңызды жобалардың бірі — Жезқазғандағы геологиялық кластердің ашылуы. Бұл жоба аясында 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Кластер құрамына DMT Ancorelog технологиясы енгізілген, 200 мың қума метр керн сақтауға арналған заманауи қойма (әлемдегі осындай бес кешеннің бірі), сондай-ақ мамандарды даярлауға арналған оқу орталығы кіреді.

Цифрландыру бағытында да айтарлықтай қадамдар жасалуда. Соның ішінде Starlink спутниктік технологиясы енгізілген. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде өндірістік үдерістерді бақылауға және шалғай аймақтарда төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар