Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәскеу "9 мамыр - Жеңіс күнін" қалай қарсы алады?

21:05, 07 мамыр 2026

9 мамыр күні Мәскеуде өтетін Жеңіс күніне арналған парад кезінде ұялы байланыс пен мобильді интернетке уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Ресейдің цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ

Ведомствоның мәліметінше, қауіпсіздік шараларына байланысты мерекелік іс-шаралар өтетін күні мобильді интернет жұмысы, соның ішінде кейбір «ақ тізімдегі» сайттарға қолжетімділік те уақытша тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар, SMS хабарламаларын жіберу және қабылдау қызметіне де шектеу қойылады.

Министрлік 7–8 мамыр күндері интернетті өшіру жоспарланбағанын атап өтті. Алайда бұған дейін байланыс операторлары тұрғындарға 5–9 мамыр аралығында интернеттің тұрақсыз жұмыс істеуі немесе толық өшірілуі мүмкін екенін ескерткен болатын.

BBC дереккөздерінің мәліметінше, 9 мамыр күні енгізілетін шектеулер әдеттегіден әлдеқайда қатаң болады. Шектеулер Мәскеу орталығында ғана емес, МКАД аумағының ішінде де қолданылмақ.

Сондай-ақ биыл Қызыл алаңдағы әскери парад 2007 жылдан бері алғаш рет ауыр әскери техникасыз өтеді. Кремль мұны қауіпсіздік мәселелерімен және биыл мерейтойлық дата болмауымен байланыстырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар