Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Манипуляция жасамай, шешімге кел, бізге парад емес адам өмірі маңызды!: Зеленский Путинге шұғыл үндеу жариялады

09:36, 29 сәуір 2025 590

Украина президенті Владимир Зеленский дереу 30 күндік бітім жариялауды ұсынды. Бұл туралы ол Telegram-арнасындағы дәстүрлі кешкі үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс мерейтойы күндерінде — 8 мамыр түнгі 00:00-ден 11 мамыр түнгі 00:00-ге дейін бітім жариялаған болатын.

Зеленский Ресей ұсынған бітімді «манипуляция жасау әрекеті» деп атады. Оның айтуынша, Украина наурыз айында АҚШ-тың атысты толық тоқтату туралы ұсынысын қабылдаған.

«Енді тағы бір манипуляция әрекеті: бәрі неге екені белгісіз, 8 мамырға дейін күтуі керек, тек Путинге парад өткізу үшін тыныштық қамтамасыз ету мақсатында. Біз адам өмірін бағалаймыз, парадтарды емес. Сондықтан біз — және бүкіл әлем — 8 мамырға дейін күтудің қажеті жоқ деп есептейміз. Бітім бірнеше күнге ғана жарияланып, кейін қайтадан қантөгіске оралмауы керек. Ол дереу, толық және сөзсіз жариялануы тиіс — кемінде 30 күнге, қауіпсіздік пен кепілдік үшін. Бұл — шынайы дипломатияға бастайтын негіз», — деді Зеленский.

Украина Сыртқы істер министрлігі де 30 күндік бітімге қолдау білдіріп, оның кез келген күннен басталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Путин Пасха мерекесіне байланысты 19 сәуір күні сағат 18:00-ден 21 сәуір түн ортасына дейін бітім жариялаған еді.

Алайда екі тарап та бірін-бірі бітімді бұзды деп айыптаған болатын.

АҚШ та Кремль ұсынған бітімге өз реакциясын білдірді. АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитттің айтуынша, Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы тұрақты бітімге қол жеткізуді қалайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар