Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәңгілікке үндемейсің: Нүкенованың тағдырына байланысты аянышты ән шықты

00:02, 14 мамыр 2024 2510

Марқұм Салтанат Нүкеноваға арналған ән шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Әннің мәтінінде мынадай жолдар бар:

«Сен мені жараладың, пышағыңды суыр. Еңді тағы кішкене, сен мәңгілікке үндемейсің. Оның орны – түрме. Ол – өрмекші тор», — деген жолдардан тыңдарман қауым марқұмға арналған ән екенін аңғарды.

Алайда өнер иелері ешқандай пікір білдірген жоқ.

Желі қолданушылары әлеуметтік желіде түрлі пікір жазып, әншілерге қолдау білдіріп жатыр.

«Қандай керемет ән?!»; «Zaq үнемі терең мағыналы әндерді айтады»; «Осы әнді тыңдағанда көз алдыма Бишімбаев келді»; «Салтанаттың тағдыры бір әнге сыйып тұр»; «Мен ғана ма тыңдап, жылап алған?» — деп жазып жатыр тыңдарман қауым.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар