Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәжіліс депутаты белгілі дзюдошы Абиба Әбужақыноваға Kia Ceed көлігін мінгізді

20:17, 10 тамыз 2024 833

Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров Париж Олимпиадасының қатысушысы дзюдо балуаны Абиба Әбужақынованы Астанада күтіп алды. Ел құрметіне бөленген спортшыны құрметтеп, су жаңа көлік мінгізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Депутат Абибаға Kia Ceed маркалы көлігін сыйлады.

Еске сала кетейік, депутат бұған дейін де Абибаға Әбужақыноваға жазба арнап, өз атынан сыйақы беретінін айтқан еді.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Абиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Абиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Жалғастырайық, қазақтың жігіттері!» - деген болатын депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?