Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәйіт әкесінің қасында: Ұлынан айырылған ер адамның оқиғасы жұртты дүр сілкіндірді

08:24, 21 шілде 2026

Эльбруста қайғылы оқиға орын алды. 11 жастағы бала қаза тауып, әкесі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Эльбрус тауында болған қайғылы оқиға салдарынан 11 жастағы Платон көз жұмды, ал оның 40 жастағы әкесі Роман ауыр жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, альпинистер шамамен 4200 метр биіктіктен құлаған. Оқиға салдарынан бала оқиға орнында қаза тапқан.

Ал әкесі қабырғалары мен тізелерін сындырып, ауыр жарақат алғанына қарамастан құтқарушыларға хабар бере алған. Алайда таудың күрделі бедеріне байланысты құтқарушылар әзірге зардап шеккен азаматқа жедел жете алмай жатыр.

Белгілі болғандай, Роман тәжірибелі әуесқой альпинист болған және ұлын кішкентай кезінен бастап тауға шығуға баулыған.

Бір жыл бұрын әкелі-балалы екеуі Эльбрусты бағындыруға әрекет жасағанымен, баланың денсаулығы сыр бергендіктен, шыңға бірнеше жүз метр қалғанда кері қайтуға мәжбүр болған.

Бұл жолы олар Эльбрустың ең күрделі әрі қауіпті бағыттарының бірі саналатын шығыс шыңына көтерілуді ұйғарған. Жолда олар 14 жастағы ұлымен бірге төмен түсіп келе жатқан туристі кездестірген. Ол алдағы бағыттың өте қауіпті екенін ескерткеніне қарамастан, Роман көтерілуді жалғастырған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, шыңды бағындырғаннан кейін төмен түсу кезінде Ачкерьяколь лавалық ағыны маңында альпинистерді жалғап тұрған сақтандыру арқаны үзіліп кеткен. Соның салдарынан әкелі-балалы екеуі тау баурайынан құлап кеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар