Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ливанда жүрген қазақ сарбаздарына қауіп бар ма?

10:21, 14 қазан 2024 316

Израиль әскерилері Ливандағы Біріккен ұлттар ұйымының уақытша әскери күштерінің бас пәтерін атқылаған болатын. Салдарынан екі бітімгер жарақат алды. Оған қоса халықаралық ұйым сарбаздары отырған бункер де ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың шабуылына ұшыраған. 

Израиль күштерінің бұл әрекетін, бірқатар мемлекет сынға алды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш ахуал жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретінін айтты.

Қазақстан бітімгер ретінде 2018 жылдан бері әскери қызметкерлерін жіберіп келеді, деп жазады Alash.KZ.

Осыған орай еліміздің Қорғаныс министрлігі Ливандағы үш офицер әдеттегідей қызметін жалғастырып жатқанын хабарлады. Олардың қызметтік орындары атыс-шабыс болып жатқан жерден қашық орналасқанын жеткізді. 

“Егер жағдай ушығып кетсе, қазақстандық әскери қызметкерлерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ Хатшылығымен және миссия басшылығымен бірлесіп шешілетін болады”, - деді
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар