Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күртесі қан, қарны аш, денесі көгерген: Мешіттің әжетханасына түнеп жүрген әйел сұмдық оқиғасын баяндады

09:00, 20 қараша 2024 858

Заңгер Ләззат Рақышева кезекті оқырман хатын жариялаған. Бұл хатта әйел адамның мешіттің әжетханасында түнеп жүргені туралы айтылған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Мешітке қыздарым сабаққа барып жүрген. Әйел кісіні көріпті, айтуларынша үсті жамау, денесі көгерген. Өзім телефонмен сөйлестім, баласын жиеніне беріпті, балалары ұсақ екен, курткасы қан деді. Қарны ашып қыздардан ас сұрапты. Туалетке қонып жүрген көрінеді. Үйге кел десем, жолдасым тауып алады деп келмеді. Дағдарыс орталығына бармаймын деп телефонда безілдеді. Ертеңге дейін отырамын депті. Бірақ жолдасы кезінде дағдарыс орталығынан алып кеткен сияқты. Ертең үйден тамақ, киімдер беріп жіберемін деген едім. Көңілім орнына түспей тұр. Арақтың иісі шығады екен, күйіктен ішіп жатырмын депті. Қызылорда қаласында болған жағдай", - деп жазған оқырман.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар