Осы жылы 21 наурыздан бастап күн ұзарады. Биыл күн мен түн кеше күндізгі сағат 2-де теңелді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.
21 наурызда Күн Оңтүстік жарты шардан Солтүстік жарты шарға өтті. Бұл құбылыстың физикалық мәні бар. Күн эклиптика бойымен қозғалыс барысында аспан экваторын кесіп өткендіктен жаңа жыл ерте келген.
Айта кету керек, көктемгі теңелу күні тұрақты бір мезгілге сәйкес келмейді. Әр жылы ауысып отырады.
Бұл құбылыс жыл ұзақтығы 365 күн 6 сағат болуымен байланысты. Бұл уақытқа минуттар да қосылып, төрт жылда ол бір тәулікке жетеді. Осылайша, кей жылдары біздің жыл санауымызда 366 күн болады. Сол себепті осындай астрономиялық құбылыстардың нақты уақыты да жыл сайын шамамен 6 сағатқа ауысып отырады, - дейді В. Фесенков атындағы қазақстандық астрофизика институтының аға ғылыми қызметкері Любовь Шестакова.