Атыраудағы трагедияға күдікті болған сотталушы Сұлтан мен Ақбаянға қатысты сотта жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Сот отырысы барысында Ақбаян мен Сұлтанның некесінің бұзылуына түрткі болған негізгі жағдайлар жария етілді. Іс бойынша жауап берген Ақбаянның туған әпкесі Шермағамбетованың мәлімдеуінше, ерлі-зайыптылардың араздасуына бірінші кезекте опасыздық әрекеттері себеп болған. Жәбірленуші тарап отбасылық құндылықтардың аяқасты етіліп, «көзге шөп салу» фактілерінің орын алуы үй ішіндегі жанжалдардың шектен тыс ушығуына және қарым-қатынастың түпкілікті сууына алып келгенін алға тартты.
Айтпады. Ештеңе айтқан жоқ. «Ар-намысыма тиді» деді. Біреумен жатқан фотосын салып жіберген. «Сол арқылы біреу қастандық жасады ма? Ойлансаңшы…» дегенде, ол солай деп жауап берді.
Қазіргі уақытта аталған резонансты іс бойынша сот талқылаулары әлі де жалғасып жатыр.