Әлеуметтік желіде Іле өзенінің бойында тау болып үйіліп жатқан қоқыс үйіндісі түсірілген видео тарады, деп жазады Alash.KZ.
Видеода Көшпенділер қаласының маңайы түсірілген. Қалың жұртшылық мұны сынға алды. Ал желі қолданушылардың бірі бұны бұрынғы көшпенділердің "қалдырғанына" балапты.
Қонаев әкімдігі қоқысты жинау үшін сенбілік ұйымдастыруды қолға алған. Бірақ тарихи жерге келушілер табиғатты құрметтеуді үйренбесе, қоқыс үйінділері жаз бойы сұлу жердің көркін қашыратыны сөзсіз.