Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кондицонер емес, кірпіш құлаған” - Мейірман Шекеев Ұлдана Мырзуан ісіне қатысты тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

10:56, 10 желтоқсан 2025

Жедел көмек көрсету кезінде үстіне кондиционер құлап, қайтыс болды делінген Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты заңгер Мейірман Шекеев тың мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Ел арасында “Халық заңгері” атанған Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлдананың күйеуімен бірге оқиға орнына барып түсірген видеосын жариялады.

Жарынан айырылған жігіт сол күнгі қайғылы жағдайдың қалай болғанын түсіндіріп берді:

… 10:38 кеткенде әйелімнің бригадасы келеді. Әйелім қолына жабдықты алып, осы магазиннің ішіне жүгіріп, кіріп кетеді. 10:40 кеткенде уже насилкамен әйелімді обратно алып шығып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша кондиционер емес, кірпіш құлаған деп жатыр.

Аталмыш дүкен сатушысы оқиға туралы да көргенін ортаға салды:

Кондиционер емес кірпіш құлаған. Иә, одан бұрын құлап жатты кондиционер. “Кондиционер, кондиционер” деп, неге причина шығарғандарын білмеймін.

Заңгер осы жәйтқа сәйкес желіде былай деп жазды:

Істі бұрмалау кімге қажет болған?

Бұл сұрақ барымызды ойландыруы керек. Оқиға орнына барып, куәгерлерден жауап алып, барлық деректерді жеке зерттегенімде, бір нәрсе анық болды: қаза кондиционерден болған жоқ. Шын мәнінде, оның өмірін қиған – нимараттың кәсіпте тұруы тиіс кірпіштердің құлағы.

Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен қашудың салдары. Біреулер бұл істі жауып, кінәні басқа жаққа аударуға тырысқан сияқты.

Бізге жалған ақпарат емес, шындық керек.

Біз үнсіз қалмаймыз.

Біз Ұлдана үшін, оның отбасы үшін әділдік орнату үшін соңына дейін барамыз.

Әділдікке қол жеткіземіз. Шындықты талап етеміз!

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар