Шоу-бизнес әлемі тағы бір күтпеген мәлімдемеден дүр сілкінді! Белгілі өнер иесі, сұлу да талантты актриса Жанель Мақажан өзінің жеке өміріндегі үлкен соққыны ашық айтып, оқырмандарын жылатып алды, деп жазады Alash.KZ.
Ол жас диктор Абай Асылханнан бөлек кеткенін сезімге толы, ауыр жазбамен жария етті. Төрт бірдей перзенттің анасы атанған актриса бұл жолы тағдырдың қатал сынағына тап болғанын жасыра алмапты. Жүрегі езіліп, жаны күйзелсе де, балалары үшін берілмеуге серт берген өнер иесі парақшасында былай деп ағынан жарылды:
"Еріңе сенбе, екі босағада сен!” деген қазақтың нақыл сөзін енді толық түсінгендеймін… 1 айдай болды, 4 балам жанымда. Оған дейін екі кішкентай 1 ай әкесінде болған. Өмірде неше түрлі жағдай болады екен.
Қазір мен балаларыммен басқа жаққа көштім. Қиындықтар бітіп келеді. Алдағы уақытта бөлісемін. Осылай кішкентайлармен көшуден шаршадым. Өзіме нақты мақсаттар қойдым. Өзгеге емес, Аллаға, өзіңе сеніп өмір сүр! “Үй ал, дамы, бала-шағамен жағдай жаса“, дедім өзіме.
Қыздар, кешегі 19 жасар қаршадай қыздың тағдыры да бәрімізге ауыр тиді. Қыздың өмірлік мәні тұрмыс құру емес, өмір сүру. Бақытты өмір сүру. Ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар" дейді актриса.
Жанельдің бұл жанайқайы мыңдаған әйелдің жүрегін тіліп өтті. Ол тұрмыстық тауқыметтен қажығанын, бала-шағасымен тентіреп көшуден әбден шаршағанын айтып, барша нәзік жандыларды тек өзіне ғана сенуге шақырды. Әсіресе, жақында ғана қоғамды дүрліктірген 19 жасар қыздың ауыр тағдырын мысалға келтіріп, әйел затының басты мақсаты біреудің етегінен ұстау емес, бақытты ғұмыр кешу екенін шегелеп айтты!