Кіші жүздің қанша пайызы ДНК зерттеуден өтті? Егер ең болмағанда 75 пайызы өтсе, нақты айтуға болады, егер өтпесе айта алмайсың. Кіші жүз бір атадан тараған ел емес, бұл қазақтың үш жүзіне де, негізгі рулық құрамына да қатысты. Бірнеше мың жыл бір-бірімен мидай араласып жатқан Орталық Азияның көшпелі, тіпті отырықшы елдерін ДНК бойынша жіктеймін деу құр әурешілік, екінші жағынан бұл қоғамның бірлігін бұзатын әрекет. Соңғы кезде ел ДНК зерттейміз деген "мамандарға" наразылық білдіріп жатқаны да сол себепті. Себебі қазақта "алтау ала болса ауыздағы кетеді" деген мақал бар" дейді.
"Кіші жүз генетикасы 80% С2-м48". Тарихшы қазақ ДНК-сы туралы сұраққа жауап берді
фб паракшасынан
Тарихшы Жамбыл Артықбаев қазақ халқының ДНК-сы туралы пікір білдіріп, бұл үрдіс қазақты бөлуге, руға, жүзге бөлінуге алып келетін қатерлі қадам екенін айтты, деп жазады Alash.KZ.
Профессор "ДНК - туралы бір інім "Кіші жүз генетткасы 80% С2-м48, сарматтардың моласынан сондай шықты ма?" деп сұрайды. Менің жауабым мынау:
Тарихшы-ғалымның айтуынша, ДНК зерттеулерді кейбір аурулардың алдын алуға, себебін анықтауға пайдалануға болады, бірақ халықты жіктеуге пайдалану өте қауіпті. Бұл әуесқойлық түбінде ұлтқа тек зияндық әкеледі. Біз бір атадан тараған соң қазақ болғанымыз жоқ, бір табиғи ортада , бір мемлекеттің туының астында, "Алаш ұранына қосылмағанды әкең де болса ұрып жық" деген ұранмен ел болдық. Біз әуел бастан саяси ұлт болып қалыптастық. Біздің мықтылығымыз да осында" дейді Артықбаев.
Соңғы жаңалықтар
«Атысты тоқтатты»: Трамп Ресей мен Украина арасындағы ахуал туралы тың мәлімдеме жасады
14:55, 24 қараша 2026
Қазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толығымен бас тартады – Жаслан Мәдиев
14:00, 24 қараша 2026
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026