Белгілі актер Нұрсұлтан Жақсыген мен бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызының арасындағы дауға байланысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы белгілі тележурналист Руслан Өтепбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Журналист бұған дейін тараптар арасында желіде бірқатар айыптаулар жарияланғанын, ал қазіргі таңда бұл жағдайға сот органдары тарапынан құқықтық баға беріліп жатқанын жеткізді.
Руслан Өтепбай өзінің жазбасында:
«Ардақты ағайын! Естеріңізде болса, бұған дейін Фариза Алмазқызы бұрынғы күйеуіне қатысты мәлімдеме жасап, әлеуметтік желіде бірқатар жазбалар мен скриншоттарды жариялаған еді. Сол материалдардың бірінде Фаризаға қатысты «боди қызметімен айналысады, астаналықтар біледі» деген мазмұндағы ауыр айыптаулар айтылған. Ал Нұрсұлтан Жақсыген бұл жазбалардың өзіне тиесілі екенін жоққа шығарып отыр. Қазіргі таңда осы жағдай бойынша Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Таяу күндері сот үкімі шығады. Кімнің сөзі рас, кімнің сөзі жалған — оған сот құқықтық баға береді», — деп жазды.