Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Киімім жабық еді… Сөйлей алмай қалдым” - Студент қыз автобустағы ер адамның әрекетін айтып, жылап қалды (ВИДЕО)

20:15, 13 қыркүйек 2025 1188

Алматыда №99 бағыттағы автобуста студент қыздың басынан өткен оқиға жұртшылықтың наразылығын тудырды. Жас қыздың айтуынша, белгісіз ер адам әдейі қасына жақындап, жағымсыз әрекет жасаған, деп жазады Alash.KZ.

Оқиға таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Университетке асығып шыққан қыз күнделікті мінетін №99 автобусқа отырған. Әдетте жолаушылар көп жиналатын көлікте бұл жолы адам аз болғанымен, кейінгі аялдамадан топтасып кіргендер арасында бір ер адам оған барынша жақындай түскен. Қыздың айтуынша, ол әуелі денесімен қысым жасап, демін әдейі бетіне шығарған, артынша қолын жамбасыма тигізген.

“Мен қазір түсіп қаламын деп ойладым. Бірақ ол тағы да тиісе бастады. Сол сәтте тілім байланып қалғандай үнсіз тұрдым. Түсіп кеткенімде ол бірден адамдардың арасына кіріп, ізін жасырды” – дейді жәбірленуші.

Қыз оқиға кезінде анасына қоңырау шалып келе жатқан. Күтпеген жағдайдан шошып, көз жасын тыя алмағанын айтады. Университетке жеткен соң да қатты күйзеліп, сабаққа бара алмаған.

“Киімім жабық еді, ондай жағдай басымнан өтеді деп ойлаған жоқпын. Қатты ұялдым, өзімді кінәлі сезінгендей болдым. Неге оған қарсы жауап бермедім, өзім де білмеймін. Бұл мен үшін бірінші рет болды. Сол үшін басқа қыздарға айтарым: егер біреу қасыңызға әдейі жақындаса, бірден “алыс тұр” деп айтыңыздар” – деді студент.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиғадан кейін басы қатты ауырып, көзі ісіп кеткен. Қазір ол басқа қыздар мен жас әйелдерді қоғамдық көлікте абай болуға шақырып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар