Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

KFC қазақстандықтардың ашуын туғызды: қазақ тіліндегі жалақы орыс тіліндегіден аз

09:54, 30 мамыр 2025 1421

Қазақстандағы KFC желісінің бір филиалында бір қазақстандық азамат қазақша және орысша афишалардағы жалақы мөлшеріндегі айырмашылықты байқады, деп хабарлайды ALASH.kz.

Не болды?

Тез тамақтану желісінің белгілі филиалдарының бірінде болған қазақстандық Threads желісінде жариялаған суретте, қазақ тіліндегі афишада жалақы 138 мың теңге деп көрсетілген болса, орыс тіліндегі нұсқада 155 мың теңге екені көрініп тұр. Автор бұл айырмашылықтың себебі неде екенін сұрады.

Бұл жазба әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жұртшылықтың наразылығын туғызды. Пікір қалдырғандар: «Бұл қандай кемсітушілік?», «Тиісті органдар не қарап отыр?», «KFC-ге бойкот жариялау керек!» деген сөздер жазды. Кейбіреулер, тіпті, жалақы мөлшерінің төмендігіне таң қалғандарын білдірді.

KFC компаниясы бұл жағдайға жылдам жауап беріп, ресми түсініктеме жариялады:

«Қайырлы күн, KFС-лықтар!
Экрандағы суреттер – бұл техникалық ақау екенін хабарлаймыз. Бұл әрекетіміз арқылы ешкімді ренжіткіміз немесе кемсіткен ойымыз болған жоқ.
Жедел әрекет еткендеріңізге алғыс білдіреміз, қалыптасқан жағдайды мамандардарымыз қарап жатыр.
Орыс тілінде жауап бердік, себебі жарияланым орыс тілінде болды», – делінген компанияның хабарламасында.

Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушыларының көкейінде бір сұрақ қалды: неге мұндай «техникалық ақаулар» әрдайым бір жаққа ғана шыға береді екен?

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар