Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кешкі ас әзірлеу, қайда жүргенін айту: Бишімбаев Салтанатқа қандай талаптар қойған?

15:53, 23 сәуір 2024 654

Қуандық Бишімбаевтың бүгінгі сот отырысында оның ұлы телефоны тексеріліп, психологпен не туралы сөйлескені айтылды.

Сотта Бишімбаев пен психолог Юлия Герасимованың хат алмасуы оқылды. Психолог оған Нүкеновамен қарым-қатынасын түзеуге кеңес берген.

Ол Бишімбаевқа көп ашуланбай, жеке шекараларды құрметтеуді ұсынған. Қуандық пен Нүкенова отбасылық терапия тақырыбын осылай талдап, психологқа бірге барған.

Қуандықтың Салтанатқа қойған талаптарына:

аптасына бес күн кешкі ас әзірлеу;

кешкі асты бірге ішу;

өзінің қайда жүргенін хабардар ету;

ұстамды болу.

Ал, Салтанаттың Қуандыққа қойған талаптары:

"Ол сынай беруді, айыптауды және эмоционалды қысымды азайтуы тиіс" делінген.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар