Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кеншілердің көз жасы: миллиардер Лакшми сатты, миллиардер Лаврентьев алды

09:05, 08 желтоқсан 2023 218
 

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының су жаңа қожайыны - Forbes тізіміне енген отандық миллиардер Андрей Лаврентьев. Бірқатар телеграм каналдар Андрей Лаврентьевтің артында билік тұр, Ақорда тағайындады дегендей фейк таратқан болатын. Далаинсайд телеграм арнасы жазғандай, кәсіпкер мен билік арасында ондай «сыбайластық» немесе «келісімдер» болған емес. Мұның бәрі Лаврентьевтің бақталастарының шығарған қаңқуы.

Лаврентьев жауапкершілікті мойнына алып, кәсіпорынды дамытатынын айтқан. Өйткені Миттал қалтаның қамын күйттеп, компанияны мүлде қараусыз қалдырған еді. Әуелде Лакшми Миттал компанияны 3,5 млрд долларға бағалаған. Келіссөздер барысында тараптар 286 миллион долларға тоқтады. Лаврентьев бұдан бөлек компанияның екі несиесін төлеп беруі керек. Оның 250 миллион доллары қысқа мерзімді несие, қалған 250 миллион ұзақ мерзімді. Жаңа қожайын 4 жыл ішінде комбинаттың 500 миллион доллар қарызын өтейді.

DALA INSIDE таратқан ақпарат бойынша, Андрей Лаврентьевтің ұлты неміс. 1979 жылы Алматыда туған. Лаврентьев Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкер тізімінде 26-шы орында тұр.

Жұбайы – Гауһар Ихсанова, ұлты қазақ. Қазақ болғанда да, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті түсті металлургия бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Ахмет Әділовтың немересі. Кеншінің ұрпағы. Әділов – Қаныш Сәтбаевтың жан жолдасы болған. Соның арқасында Никольск қаласының атауы Сәтбаев болып өзгергенін біреу білсе, біреу білмес. Алматыдағы бір көшесін де Сәтбаев есімімен ататты.

Бүгінде Андрей мен Гауһар алты бала тәрбиелеп отыр. Әкесі – Сергей Петрович, техникалық гидротехникалық құрылыстың инженері, ғылым кандидаты, оның жобасы бойынша Бартоғай су қоймасына бөгет салынған. Анасы – Элла Антоновна – Мемлекеттік жоспарлау комитетінің экономисі, Германиядан көшіп келген отбасының қызы, Майер әулетінен Жамбылға белгілі педагогтер, ішінде қазақ тілі мен математика пәнінің мұғалімдері шыққан.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?