Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кедергі келтірді… Мүмкіндік бермеді»: Данияр Елеусінов өз шындығын айтты

13:48, 21 тамыз 2026

Рио олимпиадасы чемпионы Данияр Елеусінов Токио және Париж Олимпиадаларына қатыспау себебін түсіндіріп, оған белгілі бір кедергілердің әсер еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz спорт журналисі Аслан Қаженовке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Токио ойындарына қатысуына ешкім рұқсат бермеген, ал Парижге баруына әдейі кедергі жасалған. Спортшы Федерация басшысы Шахмұрат Мүттәліп оның жарысқа барғанын қалағанымен, басқа тараптар бұған мүмкіндік бермегенін атап өтті.

Сондай-ақ ол орнына лицензия алған боксшының алғашқы жекпе-жегінде-ақ жеңіліс тапқанын айтып өтті.

Данияр Елеусінов: «Көпшілігіңіз неге Олимпиадаларға қатыспадың деп сұрап жатырсыздар. Токиода өнер көрсетуімді ешкім қаламады. Ал, Парижде менің барғанымды қалағандар болды. Бірақ, оған мүмкіндік бермеді. Федерация басшысы Шахмұрат Мүттәліп менің қатысқанымды қалады. Алайда, басқалар оған кедергі келтірді. Бір адам лицензия алып, бірінші жекпе-жегінде-ақ жеңіліп қалды. Мен екі дүркін Олимпиада чемпионы атана алар едім. Бар болғаны осы», – деді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар