Балқашта ер адам кішкентай қызды тәттімен алдап, үйіне шақырған, деп хабарлайды Alash.kz.
«18 сәуір күні үйінің ауласында серуендеп жүрген бүлдіршін анасына белгісіз ер адам оны кәмпитпен алдап, үйіне қонаққа шақырып жатқанын айтқан. Анасы дереу полицияға хабарласты», - делінген сәрсенбі күні хабарда.
Балқаш полицейлері 41 жастағы жергілікті тұрғынды тауып, ұстады. Анықталғандай, ер адам ұзақ жылдар бойы психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Ер адам емделуге жатқызылды.
«Факті полицияға тіркелді. Кінәлі денсаулығына байланысты психоневрологиялық диспансерге жатқызылды», - деп жауап берді полиция департаменті.
Сондай-ақ полицейлер бұл адамда бұрын мұндай мінез-құлық байқалмағанын хабарлады.